Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 3 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қарашада № 1658 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 125 (5788) санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 126-127 (13602-13603) санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңадан ашылған № 593 сайлау учаскесімен толықтырылсын.

      2. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарда, сондай-ақ Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Қарсақбаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Калдыбеков

  Алматы қаласы
Алатау ауданы әкімінің
2020 жылғы 5 қарашадағы
№ 3 шешіміне қосымша

№ 593 Сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Момышұлы көшесі, 1/55. "И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының № 1 филиалы.

      Шекарасы: "И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының №1 филиалының аумағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады