Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 3 шілдедегі "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 06-01/02 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 06-01/03 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 тамызда № 1630 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 3 шілдедегі "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 06-01/02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 17 шілдеде № 1491 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 83 (5590) және "Вечерний Алматы" газетінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 90 (13411) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ә. Жадаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Солтанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады