Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдегі "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 17 шілдеде № 1394 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2017 жылғы 22 шілдедегі № 85 (5434) және "Вечерний Алматы" газетінің 2017 жылғы 22 шілдедегі № 87-88 (13243-13244) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. АКЖАРОВ |