Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау участкелерін құру туралы" (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1610 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 наурызда № 29 "Алматы ақшамы" газетінде, 2020 жылғы 12 наурызда № 30 "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) аталған шешімнің қосымшасында № 167, 582 сайлау учаскелері орталықтарының атауы осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) аталған шешімнің қосымшасындағы № 209, 210 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкім аппаратының басшысы Ш. Тұрсынбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі |
С. Сайфеденов |
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 23 қыркүйегі № 2 № 1 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы Әуезов ауданындағы сайлау учаскелерi
шекараларының сипаттамасы
№ 167 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Жұбанов көшесі, 1-А үй, "Алматы заң колледжі" бюджеттік емес, коммерцияық емес, кәсіптік білім беру мекемесі.
Шекаралары: Жұбанов көшесiнен Алтынсарин даңғылының шығыс жағымен солтүстікке қарай Қабдолов көшесiне дейiн. Сайран шағынауданының 114 және 116 үйлерін қоспағанда, Қабдолов көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығысқа қарай Сайран көлiне дейін. Сайран көлiнiң батыс жағалауымен оңтүстікке қарай Жұбанов көшесiне дейiн. Жұбанов көшесiнiң солтүстiк жағымен батысқа қарай Алтынсарин даңғылына дейiн.
№ 582 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 287А үй, "Алматы жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Шекаралары: Өтеген батыр көшесіндегі 17/3, 17-Б, 17-Б/1, 17-Б/2, 17-Б/3, 17-Б/4, 21 үйлер және № 71-А "Березка" жатақханасы, Төле би көшесіндегі 298, 298/1, 298/3, 298/5, 298/6, 298/7 үйлер.
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 23 қыркүйегі № 2 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы Әуезов ауданындағы сайлау учаскелерi
шекараларының сипаттамалары
№ 209 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Мамыр-1 шағынауданы, 21 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№173 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Мамыр-1 шағынауданы, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 21/2, 27 үйлер, Мамыр-2 шағынауданы, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10,11 үйлер.
№ 210 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Мамыр-1 шағынауданы, 21 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 173 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Мамыр-2 шағынауданы, 12, 13, 14, 15, 16, 18, 18-А, 19, 20 үйлер және Мамыр-3 шағынауданы, 1, 2, 2-А, 3, 4 ,4-А, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17/1, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 үйлер.