Сайлау учаскесін тарату және Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 3 "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 4 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қарашада № 1664 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы аумағында № 544 сайлау учаскесі таратылсын.

      2. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 3 "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2020 жылғы 9 қазанда № 1644 болып тiркелген, "Алматы ақшамы" газетiнiң 2020 жылғы 13 қазандағы № 122 (5941) санында және "Вечерний Алматы" газетiнiң 2020 жылғы 13 қазандағы № 121-122 (13755-13756) санында жарияланған шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған шешімнің қосымшасындағы № 500 сайлау учаскесінің орталығы осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      3. "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әрі қарай мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялай отырып, осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы Д. Мұхамеджановаға жүктелсін.

      5. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы Наурызбай
ауданының әкімі
С. Тоғай

  Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
әкімінің 2020 жылғы
17 қарашадағы № 4
шешіміне қосымша

№ 500 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "Амир" жекешелендірген жалпы білім беру мектебі" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қалқаман 2" шағынауданы, Әбішев көшесі, 26 үй.

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауынан, оңтүстік бағытта Сағатов көшесіне дейін. Сағатов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетінен, солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады