Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 5 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 5980 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп таналсын:

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
К.Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтары № 5 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 қарашадағы № 447 қаулы (2017 жылғы 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4374 болып тіркелді).

      2. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 447 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 76 қаулы (2018 жылғы 12 сәуір Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4639 болып тіркелді).

      3. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 447 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 103 (2019 жылғы 26 сәуір Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5363 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады