Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 569-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Асанова |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 2020 жылғы 11 наурызы № 40/4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Өзен, көл, теңіз бассейндері | Арнайы су пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | Есіл өзенінің бассейні | Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 132,11 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда | теңге/1000 текше метр | 366,00 | |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 103,95 | |
4 | Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 103,95 | |
5 | Гидроэнергетика | теңге/1000 киловатт/сағат | 36,82 | |
6 | Су көлігі | тенге/1000 көліктік километр | 10,83 |