"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 207 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 213 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 тамызда № 6475 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 207 қаулысының (2008 жылғы 17 қыркүйекте "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 1685 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады