Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 20.12.2020 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, "Карантинді бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 27 қазандағы № 01-04/1073, 2020 жылғы 2 қарашадағы № 01-04/1093 ұсынымдары негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Карантин белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
|
К. Аксакалов
|
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің |
|
2020 жылғы 4 қарашасы |
|
№ 304 қаулысына |
|
қосымшасы |
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің |
|
2020 жылғы 19 қыркүйектегі |
|
№ 246 қаулысына |
|
қосымшасы |
Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайына байланысты карантин белгіленген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендер
Елді мекеннің атауы
|
Айыртау ауданы
|
1.Арықбалық ауылдық округінің Ағынтай батыр ауылы;
2.Сырымбет ауылдық округінің Егіндіағаш ауылы;
3.Антонов ауылдық округінің Жұмысшы ауылы;
4.Сырымбет ауылдық округінің Қарақамыс ауылы;
5.Антонов ауылдық округінің Лавровка ауылы;
|
Ақжар ауданы
|
6.Талшық ауылдық округінің Қазан ауылы;
|
Аққайың ауданы
|
7.Аралағаш ауылдық округінің Аралағаш ауылы;
8.Тоқшын ауылдық округінің Тоқшын ауылы;
|
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
|
9.Шөптікөл ауылдық округінің Разгульное ауылы;
10. Рузаев ауылдық округінің Чернобаевка ауылы;
11. Шұқыркөл ауылдық округінің Шұқыркөл ауылы;
|
Есіл ауданы
|
12. Бұлақ ауылдық округінің Бұлақ ауылы;
13. Заградов ауылдық округінің Горное ауылы;
14. Заречный ауылдық округінің Қарағаш ауылы;
15. Покров ауылдық округінің Мальцев ауылы;
16. Тораңғұл ауылдық округінің Тораңғұл ауылы;
|
Жамбыл ауданы
|
17. Қазан ауылдық округінің Екатериновка ауылы;
18. Кладбинск ауылдық округінің Новорыбинка ауылы;
|
Қызылжар ауданы
|
19. Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылы;
20. Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылы;
21. Бугров ауылдық округінің Бугровое ауылы;
22. Лесной ауылдық округінің Глубокое ауылы;
23. Вагулин ауылдық округінің Красный Яр ауылы;
24. Асанов ауылдық округінің Малое Белое ауылы;
25. Налобин ауылдық округінің Налобин ауылы;
26. Якорь ауылдық округінің Ольшанка ауылы;
27. Лесной ауылдық округінің Пресновка ауылы;
28. Якорь ауылдық округінің Якорь ауылы;
|
Мағжан Жұмабаев ауданы
|
29. Булаев қаласы;
30. Қарақоға ауылдық округінің Қарақоға ауылы;
31. Конюхов ауылдық округінің Куломзин ауылы;
32. Лебяжин ауылдық округінің Лебяжье ауылы;
33. Бәйтерек ауылдық округінің Новый быт ауылы;
34. Чистов ауылдық округінің Чистовское ауылы;
|
Мамлют ауданы
|
35. Мамлютка қаласы;
36. Новомихайлов ауылдық округінің Новомихайловка ауылы;
|
Тайынша ауданы
|
37. Тихоокеан ауылдық округінің Алабота ауылы;
38. Рощин ауылдық округінің Димитровка ауылы;
39. Киров ауылдық округінің Ильич ауылы;
40. Рощин ауылдық округінің Краматоровка ауылы;
41. Теңдік ауылдық округінің Теңдік ауылы;
42. Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылы;
|
Тимирязев ауданы
|
43. Ақжан ауылдық округінің Ақжан ауылы;
44. Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылы;
45. Белоградов ауылдық округінің Белоградовка ауылы;
46. Дзержинск ауылдық округінің Дзержинское ауылы;
47. Тимирязев ауылдық округінің Тимирязев ауылы;
|
Шал ақын ауданы
|
48. Приишим ауылдық округінің Повозочное ауылы;
49. Сергеевка қаласы;
50. Сухорабов ауылдық округінің Сухорабовка ауылы.
|