Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 13 қарашадағы № 16 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 20120 жылғы 18 қарашада № 6671 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының (2017 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4025 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының атқарылуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Тимур Қабдешұлы Тұрсыновқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша тексеру комиссиясының төрағасы
Т.Каскин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады