Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 6180 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 қарашада жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2987 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.";

      Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастемиров

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірі № 63 қаулысы қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 қаулысымен
  бекітілген

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

      Осы Қағидалар қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Полиция департаментi Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ) енгiзедi.

      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйлықақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйлықақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Ақшалай сыйлықақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу облыстық бюджет қаражаты есебінен СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ төлейді.

      7. Азаматтарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің құрмет грамотасын, ақшалай сыйлықақыны, бағалы сыйлықты тапсыруды СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ салтанатты түрде жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады