Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы N 365 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада N 2987 болып тіркелді.

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан əкімдігінің 08.04.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дудов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысының

      Ішкі істер департаменті

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы А.Ғ. Байқадамов

      2014 жылғы 20 қазан

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 қаулысына қосымша

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің Құрмет грамотасы.

      2. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      3. Бағасы 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын бағалы сыйлық.

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 қаулысымен
  бекітілген

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан əкімдігінің 08.04.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағидалар қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Полиция департаментi Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ) енгiзедi.

      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйлықақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйлықақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Ақшалай сыйлықақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу облыстық бюджет қаражаты есебінен СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ төлейді.

      7. Азаматтарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің құрмет грамотасын, ақшалай сыйлықақыны, бағалы сыйлықты тапсыруды СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ салтанатты түрде жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады