Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-19 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистопол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 60-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 6305 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистопол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-19 шешіміне (2014 жылғы 2 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 маусымда "Есіл Өңірі", "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистопол ауылдық округінің Шақпақ ауылының Ленина көшесінің тұрғындарына – 1" жолы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
сессиясының төрағасы
Н.Синдякина
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Е.Адильбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады