Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Бірлік ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 56-2 шешіміне (2020 жылғы 16 каңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5831 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Бірлік ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 77 958 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 241 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімі – 74 717 мың теңге;
2) шығындар – 77 958 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сессиясының төрағасы |
И.Шаймерденов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Е.Адильбеков |
2020 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Бірлік ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші Сыныбы | Атауы | Сома (мың теңге) |
1. Кiрiстер | 77 958 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 3 241 | ||
01 | Табыс салығы | 156 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 156 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 3 085 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 30 | ||
3 | Жер салығы | 450 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 2 605 | ||
2 | Салықтық емес түсiмдер | 0 | ||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 0 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 74 717 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 74 717 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 74 717 | ||
Функцио-налдық топ | Бюд-жеттік бағдар-лама-лардың әкімшісі | Бағдар-лама | Атауы | Сома (мың теңге) |
2. Шығындар | 77 958 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 17 118 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 17 118 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 16 198 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 920 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 37 840 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 37 840 | ||
008 | Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру | 286 | ||
009 | Елдi мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 250 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 1 800 | ||
014 | Елді мекендерді қамтамасыз етуді ұйымдастыру | 35 504 | ||
12 | Көлiк және коммуникация | 20 000 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 20 000 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 20 000 | ||
13 | Басқалар | 3 000 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 3 000 | ||
040 | Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 3 000 | ||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | 0 | |||
6. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0 | |||
Қарыздар түсімдері | 0 | |||
Қарыздарды өтеу | 0 | |||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 0 |