Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 46/290 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 6096 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.10.2023 № 9/118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 2-3 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 72682 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының мәслихаты
сессиясының төрайымы
А.Оспанова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А.Бектасова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының

      әкімі

      Қ. Ақсақалов

      ____________

      2020 жылғы "__"______

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы "12" наурыздағы № 46/290 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалары) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі- уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган- "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті ауыл, ауылдық округтар әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Есіл ауданы әкімдігі белгілейді және Есіл аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бекітіледі.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.

      12. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 14) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтындай мөлшерінде, бірақ рет көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 15) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, кезектілік ретімен тіс протездеуге ұсынылған шот-фактураға сәйкес құн мөлшерінде (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) үш жылда бір рет көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, кезектілік ретімен санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтындай, жылына бір рет көрсетіледі.

      15. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.

      16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.

      17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз жол жүру құны мөлшерінде қажеттілік бойынша көрсетіледі.

      18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша Солтүстік Қазақстан облысында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаған адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып азаматтарға 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтындай мөлшерінде, оқу жылының басында көрсетіледі.

      19. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағында көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жеке тұрғын үй салу үшін 40 (қырық) тығыз текше метрден артық болмайтын мөлшерде қабығы алынбаған іске жарамды сүрек түбірі құнының елу пайыз төлемі түрінде бір рет беріледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      20. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігімен бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      21. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негізді қоспағанда, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша әлеуметтік көмек Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 381 "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй салу үшін сүректі түбірімен босату тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 болып тіркелді) қаулысымен айқындалған тәртіппен көрсетіледі.

      22. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      23. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      24. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5, 6 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      26. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      27. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      28. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      29. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      30. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      31. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      32. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына сомаларды уәкілетті органдардың аударуы жолымен жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      33. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Есіл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      34. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ереже

      35. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі және әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

р/с №

Атаулы күндер мен мереке күндерінің және әлеуметтік көмекті алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар

Жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері

2

Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

 Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасылары

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағыапаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

9 мамыр – Жеңіс күні

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 300000 (үш жүз мың) теңге

2

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге

3

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге

4

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге

5

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге

7

Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс мың) теңге

8

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге

9

Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс мың) теңге

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасылары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге

12

Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi)

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге

14

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгі министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары

Жылына 1 (бір) рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштері

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, ауданның құрметті азаматтары

Жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

р/с №

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаттары 

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері 

1

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен немесе мүліктік залал тартқан азаматтар (отбасылар)

100 (жүз) есептік көрсеткішктен аспайтындай, бірақ рет

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен 6 айдан кешіктірмей 

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      12) пробация қызметінің есебінде болу;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;

      15) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 5, 6, 7 және 8-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеуге мұқтаждығы;

      16) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 5, 6, 7 және 8- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 5 және 7-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

      18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;

      19) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 5, 6, 7 және 8- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол, жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;

      20) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын, мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредиттерінің иегерлері болмаған, аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттердің бар болуы;

      21) Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 9-бабының 1-тамағында көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының жеке тұрғын үй салу үшін қабығы алынбаған іске жарамды түбірімен сүрекке мұқтаждығы;

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 4-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _____________________________ ___________________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы

















      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә. __________________________________________ (қолы)

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 5-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20__ж. "___"__________

      ____________________________ (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________ ___________________________________________________________

      3. Өмірдегі қиын жағдайлардың болуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке жүгінді _________________________________________________________________________________

      5. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) _________________________________________________________________________________ адам, оның ішінде:

р/с №

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіби даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдайы

      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ________адам.

      Балалардың саны: _______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): ______________________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

р/б №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына







      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________________ ______________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

      9. Балалардың оқу құралдарымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі _________ _______________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері: ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________ Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы Тексеру жүргізілуден бас тартамын _______________________________________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні ______________________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 6-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) ______________________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ______________________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасына) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы "12" наурыздағы № 46/290 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/61 шешімі (2017 жылғы 14 сәуір Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелді).

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/61 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 қазандағы № 20/104 шешімі (2017 жылғы 28 қараша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4372 болып тіркелді).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 37/214 шешімі (2019 жылғы 28 наурыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 болып тіркелді).

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 41/244 шешімі (2019 жылғы 19 қыркүйек Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5561 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады