Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 54/15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 6434 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылған деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 3 мамырдағы № 3/1 шешімі (2016 жылы 20 мамырда "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3746 болып тіркелді);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 3/1 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 23 шілдедегі № 43/7 шешімі (2019 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5490 болып тіркелді).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
С.Мануйлова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады