Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Вознесенка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Солтүстіқ Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 65 шешімі. Солтүстіқ Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 6834 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вознесенка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Якорь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Вознесенка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көше – Әл-Фараби;

      № 2 атауы жоқ көше – Жеңіс;

      № 3 атауы жоқ көше – Аққайың;

      № 4 атауы жоқ көше – Ақжол.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Якорь ауылдық округінің әкімі
В. Тихий

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданы Якорь
  ауылдық округі әкімінің
  2020 жылғы 20 желтоқсандағы
  № 65 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Вознесенка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы схемалық карта

     


Якорь ауылдық округінің әкімі

В.Тихий


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады