"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 37-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 39-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 маусымда № 6386 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 24.10.2023 № 7-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 37-4 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2020 жылғы 08 сәуірде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6137 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      5- тармақ келесі мазмұнында жазылсын:

      "5. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 17-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      17- тармақ келесі мазмұнында жазылсын:

      "17. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидалардың 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) кірістер есебінсіз 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.";

      19- тармақ келесі мазмұнында жазылсын:

      "19. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 23) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) шақырылған ауруы бар балаларға екі еселік күнкөріс мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      3 – қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының
төрағасы
В.Кондратов
      Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т.Абильмажинов

  Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев
ауданының мәслихаты
2020 жылғы 12 маусымы
№ 39-6 шешіміне
қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының
тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
3-қосымша

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      5) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      7) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      11) пробация қызметінің есебінде болуы;

      12) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) 3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысын есепке алмағанда 18 жасқа толмаған адамдарға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;

      15) Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы толық емес отбасылардың көмек көрсетуге мұқтаждығы

      16) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3)-тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;

      17) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4, 5, 6-баптарында 7-бабының 3), 4)-тармақшаларында және 17-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      18) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4, 5, 6-баптарында 7-бабының 3)-тармақшасында және 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

      19) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, амбулаторлық емделуде жүрген, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтардың қосымша күшейтілген тамақтануға қажеттілігі;

      20) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4, 5, 6, 7, 8-баптарында және 17-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің, жалпы аурудан 1, 2, 3-топ мүгедектерінің, мүгедек балалардың және мүгедек балаларды алып жүретіндер азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында, жол жүру құжатын көрсете отыра, теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;

      21) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;

      22) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан жоғарғы кәсіби білім беру ұйымдарында күндізгі оқу түрінде оқытып жатқан аз қамтамасыз етілген отбасыларда, мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредиттерінің иегерлері емес студенттердің бар болуы;

      23) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) шақырылған ауру-сырқаты бар балалардың үнемі күтім және қосымша күшейтілген тамақтануға мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады