"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 110 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 151 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 шілдеде № 6440 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 06.05.2021 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 172 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/6 шешімі негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2019 жылғы 8 мамырда жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5395 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшада сөздер:

      "Александров ауылдық округі", "Возвышен ауылдық округі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Золотонив ауылдық округі", "Молодогвардейский ауылдық округі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Писаревский ауылдық округі", "Бастомар ауылдық округі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қарағанды ауылдық округі", "Ноғайбай би ауылдық округі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы А.С. Шәріповке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
сайлау комиссиясының
төрағасы А. Сералинов_____
2020 жылғы "__" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады