"Аудан бюджетінің қаражаты есебінен қамтылатын Тайынша ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 15 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 176 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 маусымда № 6324 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудан бюджетінің қаражаты есебінен қамтылатын Тайынша ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 15 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4062 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 маусымнан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі И. Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады