"Аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері аппараттарының және аудандық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 117 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 146 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 6337 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері аппараттарының және аудандық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы №117 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2017 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4238 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов ауданының әкімі М. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады