Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 10.12.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 1 маусымдағы №17-07/128 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі Өндіріс ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бидайық ауылдық округінің әкімі |
Т. Куйшбаева |