"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабы 8) тармағына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы №17-07/290 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің Өндіріс ауылы аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бидайық ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 24 маусымдағы №18 (2020 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6390 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бидайық ауылдық округінің әкімі Т.Куйшбаева