Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 6795 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабы 8) тармағына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы №17-07/291 ұсынысы негізінде, Көктерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Мортық ауылы аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Көктерек ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 19 мамырдағы №8 (2020 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6307 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көктерек ауылдық округінің әкімі К.Дюсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады