Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 44 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 4614 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 6 наурыздағы №06-17/128 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік нысандардың таралуынан қорғауды қамтамасыз ету, карантиндік нысандардың таралу ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және толық жою мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

  Атырау облысы әкімідігінің 2020 жылғы 13 наурызы № 44 қаулысына қосымша

Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймағы белгіленген әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі

      Қауын шыбынына карантин

№ р/с

Аудан атауы

Ауылдық округ атауы

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтарының атауы

Залалданған алаң, га

1

Жылыой ауданы

Қосшағыл

Дара кәсіпкер "Ахмурзиев Б"

1


Облыс бойынша барлығы



1

      Оңтүстік америкалық қызанақ күйесіне карантин

№ р/с

Аудан атауы

Ауылдық округ атауы

Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтарының атауы

Залалданған алаң, га

1

Махамбет ауданы

Бақсай

ШҚ "Никита"

2


Облыс бойынша барлығы



2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады