Атырау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 426-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 45ә бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 4620 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XL сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Атырау қаласының келесі құрамдас бөліктеріне атаулар берілсін:

      1) Самал шағын ауданындағы № 1 көшені – Ақжан Машанов көшесі;

      2) Самал шағын ауданындағы № 9 көшені – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;

      3) Самал шағын ауданындағы № 10 көшені – Қарабура көшесі;

      4) Самал шағын ауданындағы № 15 көшені – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;

      5) Самал шағын ауданындағы № 17 көшені – Әзидолла Есқалиев көшесі;

      6) Самал шағын ауданындағы № 19 көшені – Мүсірәлі Бердіұлы көшесі;

      7) Самал шағын ауданындағы № 20 көшені – Сафи Өтебаев көшесі;

      8) Самал шағын ауданындағы № 27 көшені – Нариман Үлкенбайұлы көшесі;

      9) Самал шағын ауданындағы № 28 көшені – Абдрашит Сыдыханов көшесі.

      2. Мыналар:

      1) Ғабдол Сланов көшесін – Кейкі батыр көшесі;

      2) Балықшы шағын ауданындағы Халел Досмұхамедов көшесін – Жұмат Шанин көшесі;

      3) Балықшы шағын ауданындағы Мереке көшесін – Орбұлақ көшесі;

      4) Алатау өткелін – Байкент өткелі;

      5) Алатау көшесін – Үшқара көшесі;

      6) Балықшы шағын ауданындағы Махамбет Өтемісұлы көшесін – Наурызбай батыр көшесі;

      7) Гайдар көшесін – Жалаңтөс батыр көшесі;

      8) Жастар көшесін – Тұран көшесі;

      9) Жамбыл көшесін – Жанқожа батыр көшесі

      10) Мұнайшылар көшесі – Халифа Алтай көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Шапкеновке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов
      Сессия төрағасы С. Идранов
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады