Атырау облысы жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 66 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 4642 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 04.02.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінің 15-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі - 25 480 000 000 (жиырма бес миллиард төрт жүз сексен миллион) теңгеден аспайтын;

      3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиева жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады