"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 66 "Атырау облысы жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4642 болып тіркелген) және 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 258 "Атырау облысы жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4830 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Б.Таушовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | М. Досмухамбетов |