Атырау облысы жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 258 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 4830 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 04.02.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына және "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру барысында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықтағы айналымға Атырау облысының жергілікті атқарушы органымен шығарылатын мемлекеттік құнды қағаздар;

      2) көлемі – 2 834 283 000 (екі миллиард сегіз жүз отыз төрт миллион екі жүз сексен үш мың) теңгеден аспайтын;

      3) нысаналы мақсаты – "Шаңырақ" пилоттық бағдарламасы шеңберінде кредиттік тұрғын үй салуды қаржыландыру.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады