Атырау қалалық Мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 144 "Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 522 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 4713 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 24.05.2022 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық Мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 144 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3941 санымен тіркелген, 2017 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасындағы:

      1) 2-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";

      2) 4 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 6, 8 баптарында және "Қазақстан Республикасында мүгелектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәслихаттың әлеуметтік сала, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі бойынша тұрақты комиссиясына (С. Рахимова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      LXI сессия төрағасы С. Рахимова
      Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы А. Зайдуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады