"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жылыой ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 "Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3963 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ә. Шәкіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданының әкімі | А. Бекет |
Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурызы № 83 қаулысына қосымша |
Жылыой ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір тәрбиеленушіге күніне ақы төлеу мөлшері, теңге (көп емес) | |
3 жасқа дейін | 3 жастан 7 жасқа дейін | |||
1 | Құлсары қаласы | 29452,66 | 415,00 | 500,00 |
2 | кент, ауылдық округтер | 32414,05 | 415,00 | 500,00 |