Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 47-6 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 маусымда № 4674 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы № 8-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 16.10.2023 № 8-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3371 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелген)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 2 тармақтың 2) тармақшасындағы:

      "Атырау облыстық білім беру басқармасы" деген сөздер "Атырау облысы Білім беру басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын".

      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қаржы және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ү. Жақашев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Балжигитов
      Мәслихат хатшысының м.а Х. Жамалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады