Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2-5 "Жылыой ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 50-5 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 4736 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2-5 "Жылыой ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3522 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының аппараты басшысына (Н. Бектембаева) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Айткулов
      Мәслихат хатшысы С. Таласов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады