Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 486 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 4865 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 136

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 06.05.2022 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге көрсетілген Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 208 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4058 санымен тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы Ф. Тюрина
      Мәслихат хатшысы М. Мырзашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады