"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Жалпы ауданы 193,08 гектар, ұзындығы 9740,44 метр болып Махамбет ауданы Алға ауылдық округі Алға ауылының шекарасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын қадағалау Махамбет ауданы әкімінің орынбасарына (З. Мұқаш) және Махамбет ауданы мәслихатының заңдылықты сақтау,экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комисиясына (Б. Рахметов) жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Махамбет ауданының әкімі | Ж. Ахметов |
сессия төрағасы | Б. Рахметов |
мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |
Махамбет ауданы Алға ауылдық округі Алға ауылының әкімшілік шекараcының жоспары
Жалпы ауданы 193,08 гектар,ұзындығы 9740,44 метр.
Шартты белгілері:
Аудан әкімі | Ж. Ахметов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |