"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 27 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 16 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 шілдеде № 4705 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 14-11/173 ұсынысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4527 санымен тіркелген, 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Г. Уразгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады