Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 53 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 4598 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 22.06.2020 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 14-11/354 ұсынысы негізінде, Махамбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылы, М. Сүндетов көшесі бойынша № 5 үй аумағында иттер арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Махамбет аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауылдықокругінің әкімі Б. Мынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады