Атырау облысы Исатай ауданының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 12 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 наурызда № 4603 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін корғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес су объектілерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін пайдалану мақсатында Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау облысы Исатай ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Е. Абилхасимовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мурзиев

  Исатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпаны № 12 қаулысына қосымша

Атырау облысы Исатай ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары

      1. Исатай ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі Бақсай, Нарын, Сборный-Саржігіт каналдарының учаскелері:

      1) Бақсай каналы Қамысқала ауылдық округінің солтүстік шығысындағы Үш көпір учаскесінен бастап N47°24ʹ59.53°С, E51°24ʹ39.94°В координаттарымен Қамысқала ауылдық округінің оңтүстік батысындағы Шопан учаскесіне дейінгі N47°19ʹ37.28°С, E51°9ʹ8.79°В координаттарымен ұзындығы 26 786 метр;

      2) Бақсай каналы Тұщықұдық ауылдық округінің оңтүстік шығысындағы Ақкөл учаскесінен бастап N47°18ʹ37.96°С, E51°9ʹ9.82°В координаттарымен Тұщықұдық ауылдық округінің оңтүстік батысындағы Тұщықұдық ауылының шекарасынадейінгі N47°14ʹ39.55°С, E51°3ʹ45.50°В координаттарымен ұзындығы 14 461 метр;

      3) Нарын каналы Қамысқала ауылдық округінің солтүстік шығысындағы Тасоба учаскесінен бастап N47°31ʹ39.53°С, E51°12ʹ44.85°В координаттарымен Қамысқала ауылдық округінің солтүстік батысындағы Қызыл көпір учаскесіне дейінгі N47°27ʹ18.10°С, E51°5ʹ47.58°В координаттарымен ұзындығы 19 476 метр;

      4) Нарын каналы Тұщықұдық ауылдық округінің солтүстік шығысындағы Қызыл көпір учаскесінен бастап N47°19ʹ21.84°С, E51°2ʹ26.92°В координаттарымен Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылының солтүстік шығысындағы Қаратүбек учаскесіне дейінгі N47°13ʹ48.89°С, E51°1ʹ37.95°В координаттарымен ұзындығы 15 781 метр;

      5) Нарын каналы Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылының солтүстік шығысындағы Қаратүбек учаскесінен бастап N47°13ʹ48.89°С, E51°1ʹ37.95°В координаттарымен, Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылының оңтүстік батысына дейінгі N47°1ʹ20.62°С, E51°46ʹ49.23°В координаттарымен ұзындығы 31 250 метр;

      6) Нарын каналы Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылының оңтүстік батысынан бастап N47°1ʹ18.60°С, E51°46ʹ31.35°В координаттарымен Жанбай ауылдық округі, Қызтуған учаскесінің солтүстік батыс соңғы нүктесіне дейінгі N47°4ʹ2.93°С, E50°35ʹ57.15°В координаттарымен ұзындығы 20 854 метр;

      7) Жасқайрат каналы Қамысқала ауылдық округі, Жасқайрат елді мекенінің солтүстік шығысындағы Сборный-Саржігіт каналынан бөлініп шыққан тармағынан бастап N47°42ʹ22.11°С, E51°6ʹ40.63°В координаттарымен Сборный-Саржігіт каналының солтүстік батысындағы канал тұйықталғанға дейінгі N47°41ʹ41.69°С, E51°3ʹ12.41°В координаттарымен ұзындығы 4600 метр;

      8) Сборный-Саржігіт каналы Қамысқала ауылдық округінің солтүстік шығысындағы соңғы нүктесінен бастап N47°43ʹ23.56°С, E51°8ʹ39.79°В координаттарымен, Қамысқала ауылдық округінің Сарыазбан учаскесіндегі Саржігіт суатына дейінгі N47°35ʹ11.93°С, E51°2ʹ9.49°В координаттарымен ұзындығы 28 660 метр;

      9) Шыныбек каналы Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылының оңтүстік батысынан бастап N47°12ʹ25.27°С, E51°59ʹ12.21°В координаттарымен, Аққыстау ауылының солтүстік батысындағы канал тұйықталғанға дейінгі N47°11ʹ51.47°С, E51°52ʹ9.40°В координаттарымен ұзындығы 9 273 метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады