"Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Жалпы аумағы 396,35 гектар және ұзындығы 9139,82 метр болып Тасшағыл ауылдық округінің шекарасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары (Ж. Тұрдағалиев) және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы А. Алтыбаев) жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға ауданының әкімі | Н. Бисембиев |
Сессия төрағасы | А. Баймуратова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Бейсқали |
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округінің әкімшілік шекарасының жоспары
Тасшағыл ауылдық округі шекарасының жалпы аумағы- 396,35 гектар
Шекарасының ұзындығы – 9139,82 метр
Аудан әкімі | Н. Бисембиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Бейсқали |