Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 19 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 4701 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 05.10.2020 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-10/144 ұсынысы негізінде Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауылдық округіне қарасты Аққора елді мекенінде орналасқан Д. Ортановтың және С. Сағиевтың мүйізді ірі қара малдары арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты аула - қораларының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округінің әкімі М. Жексенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады