Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Жалпы аумағы 416,89 гектар және ұзындығы 8285,38 метр болатын Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі, Жарсуат ауылының шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын қадағалау Индер ауданы әкімінің орынбасарына (С. Өтеғұлов) және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Қалауи |
Сессия төрағасы | Н. Тугаев |
Мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |
Индер ауданының әкімдігі 2020 жылғы 1 қазаны № 171 мен Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйегі № 407-VI бірлескен аудандық әкімдіктің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылының әкімшілік шекарасының ЖОСПАРЫ
Жарсуат ауылы шекарасының жалпы аумағы- 416,89 гектар
Шекарасының ұзындығы - 8285,38 метр
Аудан әкімі | М. Қалауи |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |