Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 279-VI "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 532-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қыркүйекте № 4722 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

      1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 279-VI "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4090 санымен тіркелген, 2018 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Сұлтанияев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың LIX сессия
төрағасының міндетін атқарушы,
аудандық мәслихат хатшысы
Б. Жугинисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады