Құрманғазы ауданы аумағындағы ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 354 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 4815 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 190 қаулысымен

      Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 20.07.2023 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 тіркелген) сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы №516 "Құрманғазы ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4008 болып тіркелген, 2017 жылдың 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының және Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қазандағы №308 "Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы №516 "Құрманғазы ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4259 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күштері жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Нуртаев

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 354 қаулысына қосымша

Құрманғазы ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

№ р/с

Арнайы бөлінген орындар

Орын саны

Сауда жүргізу мерзімі

1

Ақкөл ауылы, Абай көшесі № 12, "Нұрғазы" дүкенінің жаны

5

31.12.2024 жылға дейін

2

Асан ауылы, Тұрар Рысқұлов көшесі №13, "Аида" дүкенінің жаны

3

31.12.2024 жылға дейін

3

Үштаған ауылы, Дәулеткерей көшесі №2А

2

31.12.2024 жылға дейін

4

Алға ауылы, Мақаш әкім көшесі №20

3

31.12.2024 жылға дейін

5

Балқұдық ауылы, Абай көшесі №20 үйдің оңтүстік жаны

4

31.12.2024 жылға дейін

6

Бірлік ауылы, Қаби Оқаев көшесі 16Б, "Аманбек" дүкенінің қарсы беті

4

31.12.2024 жылға дейін

7

Құрманғазы ауылы, Қыдыр ата көшесі №78 үйдің қарсы беті

10

31.12.2024 жылға дейін

8

Хиуаз ауылы, Егемен Қазақстан көшесі №16/2 және 18А

4

31.12.2024 жылға дейін

9

Жұмекен ауылы, Мұқат Мұсаев көшесі №34, "Ысық" дүкенінің оң жағы

4

31.12.2024 жылға дейін

10

Жаңа ауыл ауылы, Тұңғыш көшесі №1 үйдің шығыс жағы

1

31.12.2024 жылға дейін

11

Кудряшов ауылы, Бейбітшілік көшесі №73,
үй мен кірме жолдың қиылысы

2

31.12.2024 жылға дейін

12

Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі №8

3

31.12.2024 жылға дейін

13

Көптоғай ауылы, Жұмажан Мәмбеталиев көшесі №1А

4

31.12.2024 жылға дейін

14

Котяев ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі №32

4

31.12.2024 жылға дейін

15

Нұржау ауылы, Нұр-Арал көшесі №7, "Әсет" дүкенінің қарсы беті

4

31.12.2024 жылға дейін

16

Орлы ауылы, Мұқат Мұсаев көшесі, №6 үйдің қарсы беті

2

31.12.2024 жылға дейін

17

Сафон ауылы, Жеңіс көшесі №9

5

31.12.2024 жылға дейін

18

Сүйіндік ауылы, Айтқали Таңатаров көшесі № 22, "Шаңырақ" дүкенінің қарсы беті

5

31.12.2024 жылға дейін

19

Шортанбай ауылы, Мажит Қадыров көшесі №6А, "Еркеназ" шаштараздың алды

5

31.12.2024 жылға дейін

20

Жасталап ауылы, Мағжан Жұмабаев көшесі №44 үйдің шығыс жағы

2

31.12.2024 жылға дейін

21

Қиғаш ауылы, Сейіт баба көшесі №21

2

31.12.2024 жылға дейін

22

Дина Нұрпейісова ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесіедегі №6 және №1 үйлердің арасы

1

31.12.2024 жылға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады