Құрманғазы ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 516 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 желтоқсанда № 4008 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 09.12.2020 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Шаяхметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің Құрманғазы аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
24.11.2017 жыл
К. Утаров
      "Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
24.11.2017 жыл
М. Үмбеталиев

  Құрманғазы ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы "24" қарашадағы
№ 516 қаулысына қосымша

Құрманғазы ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 08.10.2018 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Арнайы бөлінген орындар

Бірліктер саны

Автокөліктен

Сауда шатырынан

1

Ақкөл ауылы, "Сайпеден Құспанов" көшесінің батыс жақ беті

5

2

2

Асан ауылы, "Тұрар Рысқұлов" көшесі, "Аида" дүкенінің маңы

2

1

3

Алға ауылы, "Жұмажан Мәмбеталиев", "Мақаш әкім" және "Сибағат ата" көшелерінің батыс жағы

1

2

4

Балқұдық ауылы, "Абай" көшесінің оңтүстік жағы

4

3

5

Бірлік ауылы, "Қаби Оқаев" көшесінің батыс жағы

6

3

6

Құрманғазы ауылы, Самаркино елді мекені, "Қыдыр ата" көшесінің батыс жағы

10

10

7

Хиуаз ауылы, "Егемен Қазақстан" көшесінің батыс жағы

4

4

8

Жұмекен ауылы, "Мұқат Мұсаев" көшесінің шығыс жақ беті

2

2

9

Кудряшов ауылы, Жаңа ауыл елді мекені, "Тұңғыш" көшесінің шығыс жағы

1

-

10

Кудряшов ауылы, кірме жол мен "Айбын" көшесінің қиылысы

2

2

11

Жыланды ауылы, "Құрманғазы" көшесінің шығыс жағы

2

1

12

Көптоғай ауылы, "Жұмажан Мәмбеталиев" көшесінің шығыс жағы

3

1

13

Котяев ауылы, "Ыбырай Алтынсарин" көшесінің оңтүстік жағы

3

3

14

Нұржау ауылы, "Нұрарал" көшесінің шығыс жағы

4

3

15

Орлы ауылы, "Мұқат Мұсаев" көшесінің батыс жағы

1

1

16

Сафон ауылы, "Жеңіс" көшесінің батыс жағы

5

3

17

Сүйіндік ауылы, "Айтқали Таңатаров" көшесінің оңтүстік жағы

5

2

18

Шортанбай ауылы, "Әбу Сәрсенбаев" көшесінің шығыс жағы

5

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады