Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 6 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 5381 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 360 "Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4374 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрі

  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы "20" қаңтардағы
№ 6 қаулысына қосымша

Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Спорт түрлерінің атауы

Топтар
атауы

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

"А" тобы

1.

Армрестлинг

Бадминтон

Параканоэ

Аударыспақ

2.

Белбеу күресі

Байдарка және каноэ есу


Көкпар

3.

Гір спорты

Баскетбол


Қазақ күресі

4.

Дойбы

Бокс


Тоғызқұмалақ

5.

Самбо

Грек-рим күресі



6.


Дзюдо



7.


Еркін күрес



8.


Классикалық волейбол



9.


Каратэ WKF



10.


Таеквондо WTF



"В" тобы

1.

Джиу-джитсу

Академиялық есу


Асық ату

2.

Жекпе-жек сайысы

Ауыр атлетика


Жамбы ату

3.

Кикбоксинг

Әйелдер боксы


Теңге ілу

4.

Пауэрлифтинг

Әйелдер күресі



5.

Президенттік көпсайыс

Желкенді қайық спорты



6.

Шахмат

Жеңіл атлетика



7.


Жүзу



8.


Қол добы



9.


Садақ ату



10.


Семсерлесу



11.


Теннис



12.


Үстел теннисі



13.


Футбол



"С" тобы

1.

ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек

Ат спорты (конкур)


Бәйге

2.

Грэпплинг

Батутта секіру


Жекпе-жек

3.

Таеквондо ІТҒ

Жағажай волейболы


Құсбегілік

4.

Ушу

Көркем гимнастика



5.


Регби



6.


Триатлон




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады