Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 360 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 4374 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 20.01.2020 № 6 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.

      2. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Т.К.Сарсембаев
      А.С.Сәбитов
      А.Б.Тасыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрі

      ____________________ А.Мұхамедиұлы

      2017 жылғы "27" қарашада

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
15 желтоқсандағы № 360
қаулысына қосымша

Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А" тобы

Джиу-джитсу

Ауыр атлетика

Шорт-трек

Арбадағы би

Аударыспақ

Кикбоксинг

Бадминтон

Фристайл

Жеңіл атлетика

Көкпар

Қол күресі

Байдаркамен каноэде есу


Жүзу

Қазақ күресі

Қоян қолтық күрес

Баскетбол


Отырып ойнайтын волейбол

Теңге ілу

Пауэрлифтинг

Бокс


Пауэрлифтинг

Тоғызқұмалақ

Самбо

Волейбол


Параканоэ


Шахмат

Грек-рим күресі


Садақ ату



Дзюдо


Тұрып ойнайтын волейбол



Еркін күрес


Үстел теннисі



Жеңіл атлетика





Каратэ-до





Көркем гимнастика





Оқ ату





Спорттық гимнастика





Стенд ату





Үстел теннисі





Таеквондо




"В" тобы

Акробатика

Велотрек

Хоккей


Асық ату

Гір спорты

Әйелдер футболы



Бәйге



Дойбы

Жүзу



Жамбы ату

Каратэ шотокан

Қол добы




Шағын футбол

Садақ ату




Муайтай

Тас жолдағы велосипед спорты




Президенттік көпсайыс

Теннис




Сурдо грек-рим күресі

Тректегі велосипед спорты




Сурдо еркін күрес

Триатлон




Тоғызқұмалақ (паралимпиадалық емес)

Футбол




"С" тобы

Аралас жекпе-жек (ММА)

Академиялық есу

Мәнерлеп сырғанау


Желіп шабу

Әмбебап жекпе-жек

Ат спорты (конкур)



Саят

Белбеу күресі

Әйелдер күресі




Би спортты

Батутта және акробатикалық жолда секіру




Дойбы (паралимпиадалық емес)

Баскетбол 3х3




Жағажай футболы

Жағажай волейболы




Киокушинкай кан каратэ

Желкен спорты




Сурдо жеңіл атлетика

Құзға өрмелеу




Сурдо жүзу

Регби




Сурдо футбол

Семсерлесу




Сурдо шағын футбол





Таэквон-до ІТҒ





Ушу





Шахмат (паралимпиадалық емес)






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады