2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 27 ақпандағы № 40 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 27 ақпанда № 5449 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 болып тіркелген "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө.Шөкеев
      Қ.Қ.Айтмұхаметов
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Е.Аманбаев
      С.А.Қалқаманов
      М.И.Мырзалиев
      Ұ.Қ.Тәжібаев
      А.А.Абдуллаев
      А.Б.Тасыбаев

      Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "__" _________ № ______ "2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысына

  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы "27" ақпандағы
№ 40 қаулысына қосымша

2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидия көлемі

Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық нормативі, килограмм

1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өніміне жұмсалған шығынға шаққанда балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы, теңге

Субсидиялар сомасы, мың тенге

1.

Бекіре және оның буданы

тонна

23,4

1,5

285

10 000,0

2.

Албырт және оның буданы

тонна

154,3

1,2

270

50 000,0

3.

Тұқы және оның буданы

тонна

690,5

4,0

105

290 000,0


Барлығы





350 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады