Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкімінің 08.04.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабының 2 тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Түркістан облысының Мақтарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Ө. Шөкеев |