Түркістан облысы Арыс қаласындағы шағын аудандарды қайта атау және атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 171 бірлескен қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/525-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 5762 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 25 мамырдағы қорытындысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Арыс қаласының атауы жоқ көшелеріне осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес атау берілсін.

      2. Түркістан облысы Арыс қаласының шағын аудандары осы бірлескен қаулы мен шешімінің 2-қосымшасына сәйкес қайта аталсын.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Түркістан облысы әкімінің
      бірінші орынбасары А. Жетпісбай
      Түркістан облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы М. Мейрманов
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

  Бірлескен Түркістан
облысы әкімдігінің 2020
жылғы 21 тамыздағы № 171
қаулысы мен Түркістан
облыстық мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 49/525-VI шешіміне 1-қосымша

Түркістан облысы Арыс қаласындағы атауы жоқ көшелерге берілетін атаулар:

      1) Атауы жоқ көшеге – Ардагер көшесі;

      2) Атауы жоқ көшеге – Ақдала көшесі;

      3) Атауы жоқ көшеге – Алматы көшесі;

      4) Атауы жоқ көшеге – Достық көшесі;

      5) Атауы жоқ көшеге – Наурыз көшесі;

      6) Атауы жоқ көшеге – Болашақ көшесі;

      7) Атауы жоқ көшеге – Баққоныс көшесі;

      8) Атауы жоқ көшеге – Атамұра көшесі;

      9) Атауы жоқ көшеге – Ғажайып көшесі;

      10) Атауы жоқ көшеге – Тұлпар көшесі;

      11) Атауы жоқ көшеге – Тәуелсіздік көшесі;

      12) Атауы жоқ көшеге – Қыран көшесі;

      13) Атауы жоқ көшеге – Ұлағат көшесі;

      14) Атауы жоқ көшеге – Арай көшесі;

      15) Атауы жоқ көшеге – Елнұры көшесі;

      16) Атауы жоқ көшеге – Алмалы көшесі;

      17) Атауы жоқ көшеге – Шиелі көшесі;

      18) Атауы жоқ көшеге – Алтын дала көшесі;

      19) Атауы жоқ көшеге – Күншуақ көшесі;

      20) Атауы жоқ көшеге – Қарақат көшесі;

      21) Атауы жоқ көшеге – Ақжелкен көшесі;

      22) Атауы жоқ көшеге – Туражол көшесі;

      23) Атауы жоқ көшеге – Құмжиек көшесі;

      24) Атауы жоқ көшеге – Көрнекті көшесі;

      25) Атауы жоқ көшеге – Ынталы көшесі;

      26) Атауы жоқ көшеге – Зерделі көшесі;

      27) Атауы жоқ көшеге – Телемұнара көшесі;

      28) Атауы жоқ көшеге – Арасан көшесі;

      29) Атауы жоқ көшеге – Қызғалдақ көшесі;

      30) Атауы жоқ көшеге – Ақарыс көшесі;

      31) Атауы жоқ көшеге – Таңнұры көшесі;

      32) Атауы жоқ көшеге – Атақоныс көшесі;

      33) Атауы жоқ көшеге – Ақжайлау көшесі;

      34) Атауы жоқ көшеге – Талапты көшесі;

      35) Атауы жоқ көшеге – Берекелі көшесі;

      36) Атауы жоқ көшеге – Ақөзек көшесі;

      37) Атауы жоқ көшеге – Жаңақоныс көшесі;

      38) Атауы жоқ көшеге – Ұлан көшесі;

      39) Атауы жоқ көшеге – Алтын бесік көшесі;

      40) Атауы жоқ көшеге – Сақ елі көшесі;

      41) Атауы жоқ көшеге – Нұрсәт көшесі;

      42) Атауы жоқ көшеге – Аманат көшесі.

      43) Атауы жоқ көшеге – Арғымақ көшесі;

      44) Атауы жоқ көшеге – Шашу көшесі;

      45) Атауы жоқ көшеге – Атамекен көшесі;

      46) Атауы жоқ көшеге – Ақжол көшесі;

      47) Атауы жоқ көшеге – Аңсар көшесі;

      48) Атауы жоқ көшеге – Алаш көшесі;

      49) Атауы жоқ көшеге – Ақиық көшесі;

      50) Атауы жоқ көшеге – Бекзат көшесі;

      51) Атауы жоқ көшеге – Телқоңыр көшесі;

      52) Атауы жоқ көшеге – Арайлы көшесі.

  Бірлескен Түркістан
облысы әкімдігінің 2020
жылғы 21 тамыздағы № 171
қаулысы мен Түркістан
облыстық мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 49/525-VI шешіміне 2-қосымша

Түркістан облысы Арыс қаласындағы қайта аталатын шағын аудандар:

      1) Отырар 2 шағын ауданына – Тұран шағын ауданы;

      2) Оңтүстік 2 шағын ауданына – Шаңырақ шағын ауданы;

      3) Көктем 2 шағын ауданына – Нұрсая шағын ауданы;

      4) Арыс-Барыс шағын ауданына – Барыс шағын ауданы;

      5) Тараз 2 шағын ауданына – Мәңгілік ел шағын ауданы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады