Түркістан облысы Отырар ауданының бірқатар елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 52/538-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 243 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 5929 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 3)-тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округінің Аққұм және Ешкі қора ауылдары таратылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы және шешім оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Р. Танирбергенов
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады